Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 11 Ақпанда "Мамандықтар әлемін ашамыз"Республикалық форумының қашықтықтан қалалық кезеңін өткізді.
Мақсаты - еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында талап етілетін және қажетті болашақ мамандықты табысты таңдау үшін білім алушылардың кәсіптерін зерделеуге шығармашылық тәсілдемені жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту.
Байқауға қаланың №2, 14, 20, Б. Момышұлы, 25, 27, 29, 39 жалпы білім беру мектептерінен 44 оқушы қатысты. Форум 4 номинация бойынша өткізілді: «Осындай мамандық бар, «Мамандықты таңдайтын уақыт»,«Мен - мамандықтар әлемінде», «Мамандық кеше, бүгін, ертең» Байқау қорытындысы бойынша 27 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
«Осындай мамандық бар » номинациясында қатысушылар өздерін таныстыру кезінде Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасына қажетті сұранысқа ие мамандықтарды ұсынды.І дәрежелі дипломмен №2 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қасенов Нұрдәулет;ІІ дәрежелі дипломмен № 20 мектеп - лицейінің 9 сынып оқушысы Бетенов Әмірхан; ІІІ дәрежелі дипломмен № 29 мектептің 9 сынып оқушылары Звинцева Полина, Шалдыбаева Дариға марапатталды.
«Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясында қатысушылар болашақ мамандықты таңдау тақырыбын ашуға бағытталған бейнематериалдар (бейнесөз) ұсынды. І дәрежелі дипломмен №14 ЖОМ 9 сынып оқушылары Махинина Юлия және Әлібекова Зухра; ІІ дәрежелі дипломмен № 20 ЛМ 11 сынып оқушылары Федатова Юлия және Амангелді Аяжан, № 27 мектептің 11 сынып оқушылары Кабышкенов Даниял және Эркулова Сабина; ІІІ дәрежелі дипломмен №2 ЖОМ 8 сынып оқушысы Жасқайрат Әсел марапатталды.
«Мен - мамандықтар әлемінде» номинациясында қатысушылар өз эсселерінде болашақ мамандық туралы тақырыпты ашады, өз таңдауын және осы мамандықтың ел үшін маңыздылық дәрежесін негіздейді. І дәрежелі дипломмен №39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Фастишевская Виктория (Бергенев Дильмухаммед,Ташимов Эльнар); ІІ дәрежелі дипломмен № 20 МЛ 9 сынып оқушысы Бадулина Анна, № 29 мектептің 9 сынып оқушысы Свиридов Иван, № 39 мектептің 9 сынып оқушысы Машхоев Али марапатталды; ІІІ дәрежелі дипломмен - № 14 мектептің 9 сынып оқушысы Поляцкая Анна, № 20 М-Л 11 сынып оқушылары Бекболат Әлішер, Қайролла Найзағай, № 29 мектептің 9 сынып оқушылары Испулганова Амира, Суконникова Валерия, № 39 мектептің 11 сынып Капустянская Арина, 10 сынып оқушысы Кульжебаева Аделя, № 2 мектептің 8 сынып оқушысы Қасенов Нұрдәулет марапатталды.
«Мамандық кеше, бүгін, ертең»номинациясы бойынша вайн байқауы қатысушылар вайндарға белгілі бір мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған ойын - сауық бейне мазмұнын ұсынды. І дәрежелі дипломмен № 20 ЛМ 10 сынып оқушысы Қошқарбаев Глеб, Эркулова Сабина марапатталды .Байқау жеңімпаздары "Мамандықтар әлемін ашамыз"Республикалық форумының облыстық кезеңіне қатысады.