Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас математиктердің жетістіктері
19-02-2021 16:46

Дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылдың 18 ақпанында 2-4 сынып оқушылары үшін "Бастау" VIII Облыстық математикалық турнирі өткізілді. Пандемияға байланысты Турнир қашықтықтан Google платформасында өтті – бір тур формасы – жазбаша жеке. Оқушылар математика пәнінен тест орындады, онда әр сынып үшін 20 сұрақ (орындау уақыты 60 минут) дайындалды.

        Облыстық турнирге мамандандырылған мектептерден 115 оқушы және жалпы білім беретін мектептерден 8 оқушы № 1, 2, 6, 23, 25, 35, 37, 39 Павлодар қаласының қалалық турының  жеңімпаздары   қатысты.

        Тур қорытындысы бойынша 2 сынып оқушылары арасында І орынды    № 25 мектеп оқушысы Жұман Арон, ІІ орынды № 6 ЖОМ оқушысы Туртугулов Арслан және № 35 ЖОББМ оқушысы Исамбаев Карим иеленді.

        3 сынып оқушылары арасында І орынды № 37 ЖОМ оқушысы Балтабай Аиша мен № 39 ЖОМ оқушысы Власов Роман иеленді.

        4 сынып оқушылары арасында ІІІ орынды № 1 мектептің оқушысы Жәнібекұлы Бердібек және № 23 ЖОМ  оқушысы   Кабанов Кирилл      иеленді.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  "Ертіс дарыны"  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.