Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумының жүлдегерлері
01-03-2021 10:18
«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық  форумының жүлдегерлері

24 ақпан күні  М. М. Катаев атындағы  Оқушылар сарайында " Мамандықтар әлемін ашамыз "атты облыстық форум өтті. Форум екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім - номинациялар бойынша конкурстар, екінші бөлім сұхбат форматында өтті. Форумға Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы  Агенттігі департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Назымбек Алпысбайұлы Бекжанов қатысты, ол мамандық таңдау кезінде не нәрсеге назар аудару керектігін және өз ісінде үздік болу үшін адамның қандай қасиеттерге ие болуы керектігін егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай – ақ, бұл форумның қонағы SMM маманы, блогер, журналист, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, блогерлік және журналистика саласындағы өз білімдерімен бөліскен Бакижан Берикович болды. ZOOM платформасындағы онлайн - форумға бүкіл Павлодар облысынан 133-тен астам қатысушы, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 10 қатысушы қатысты № 2 (1), 14 (2), 20 (4), 27 (2), 39 (1).

          Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша I орынды-2 оқушы, II орынды - 1 оқушы, III орынды – 1 оқушы алды.

         "Мамандықты таңдау уақыты" номинациясы бойынша № 27 мектептің 9 сынып оқушылары Қабышкенов Даниял және Эркулова Сабина жеңімпаз атанды. Өз бейнероликтерінде оқушылар мұғалімдер мен өрт сөндірушілерден сұхбат алып, барлық мамандықтар жауапкершілік пен таңдалған жолға байсалдылықты талап етеді деген қорытындыға келді.

         "Мен - мамандықтар әлеміндемін" номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломға № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Фастишевская Виктория  ие болды.

           "Осындай мамандық бар" номинациясы бойынша «Белоснежная улыбка» бейнеролигі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қасенов Нұрдәулет марапатталды.