2021 жылғы 1 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 5-7 сынып оқушылары арасында қашықтық қалалық оқу жыр керуен конкурсын өткізді.
Мақсаты-қазақ әдебиетінің ұлы ойшылы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, ақын шығармалары мен туған жерге деген сүйіспеншілік негізінде оқырмандық мәдениетті, рухани әлеуетті дамыту.
Конкурсқа Павлодар қаласының 20 жалпы білім беретін мектептерінен 5-7 сынып оқушыларынан 67 оқушы қатысты. Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді, онда "Ұлы жырау Жамбыл" мәнерлеп оқу конкурсында оқушы жаттап алған поэтикалық керуеннің жалғасын бағалады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 28 оқушы, оның ішінде бірінші орын – 5, екінші орын – 10, үшінші орын – 13.
I орын иегерлері қазақ ұлт өкілдерінің оқушылары: № 19 ЖОМ 5 сынып оқушысы Турусбекова Азалия ("Алатау"), № 19 ЖОМ 6 сынып оқушысы Насибулла Аңсар ("Балама хат"), №18 ЖОМ 7 сынып оқушысы Кенжеабай Нузара ("Қазақстан") және өзге ұлт өкілдерінің оқушылары: Кондратенко Анастасия № 18 ЖОМ 6 сынып оқушысы ("Ленинградтық өренім!") және № 41 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ладыгина Алина ("Балаларға»);
II орынды № 11 (Фролова Виктория), 16 (Ямалетдинова Камилла), 19 (Нұрлан Кәмиля, Аргынова Камила), 29 (Қоқан Фатима), 31 (Тогжигитова Дильназ, Маменова Ксения, Тоғжигитова Жанель), 35 (Болат Аруна), Жетекші ЖОМ (Манарбек Әнел);
III орын - № 1 (Қадирбай Айымгүл), 7 (Абдрахманова Сара, Қалымжан Әліхан), 14 (Оразов Алдияр), 17 (Кудинский Данил), 21 (Гулина Амина), 26 (Борецкая Виктория, Фоменко Мария), 27 (Егупова Ангелина), 29 (Бейсембай Айсана), 33 (Уразбекова Даяна, Есіркеп Баура), 34 (Петухова Анна) мектеп оқушылары иеленді.
Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.