Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сардар» кешенді олимпиадасы қалалық кезеңінің жеңімпаздары
16-03-2021 15:18
«Сардар» кешенді олимпиадасы қалалық кезеңінің жеңімпаздары

2021 жылғы 16  наурызда 11-сынып оқушылары арасында VII Республикалық "Сардар" кешенді олимпиадасының қалалық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

          Олимпиаданың мақсаты - өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, дарынды балаларды қолдау.

          Қалалық онлайн олимпиадаға № 1, 6, 9, 17, 19, 20, 24, 26, 27, 30, 34, 35, 37, 39, 41, . М. Әуезов атындағы , 43, ЖЖОМ, КЖОМ  11 сыныптың 20 оқушысы қатысты. Оның ішінде 7 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды - I орынды 1 қатысушы, II орынды-3, III орынды-3 оқушы алды.

Олимпиада 2 турда өткізілді:

         Теориялық -қатысушылар математика, физика, Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық (оқыту қазақ және орыс тілдерінде) бойынша тест тапсырмаларын орындады. Тапсырмаларды орындау Google-форма, ZOOM платформасында өтті.

          Практикалық тур сырттай форматта өтті. Қатысушылармен  жаттығулар орындалып алдын-ала бейне жазылды.

          Олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша

І орын - Қыдырқанов Алмаз, № 17 ЖОМ.

ІІ орын - Қыдырханов Толағай (№37 ЖОМ), Дауылбай Әлнұр (№9 ЖОГМ), Тасамбаев Тамерлан (№43 ЖОМ).

ІІІ орын - Қайыр Бейімбет (№20 ЛМ), Верещагин Роман (№41 ЖОМ), Сұлтан Бейбарыс (№19 ЖОМ).

          Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпазы облыстық кезеңге қатысады.

          Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.