Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туған өлкенің жас зерттеушілері.
17-03-2021 16:49
Туған өлкенің жас зерттеушілері.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылы 16 наурыз күні қашықтықтан Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сынып оқушылары үшін «Менің өлкем – Ертіс өңірі» өлкетану мен тарих бойынша қалалық турнир өткізді. Турнир Goоgle-disk платформасында онлайн режимінде өтті.

Мақсаты – туған өлкенің тарихын зерттеуге танымдық қызығушылық тудыратын дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Турнирге 25 мектептен 51 оқушы қатысты. Турнир 2 айналымда өтті: 1 – қатысушылар өлкетану мен тарих бойынша 30 сұраққа жауап берді, 2 – ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазды.

Онлайн турнирінің қорытындысы бойынша 20 оқушы жүлделі орындарға ие болды, олардың ішінде: І орын – 1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 13.

І орын– №23 ЖОМ 7 сынып оқушысыРахметов Ануар;

ІІ орын– №17, 26 ЖОМ 7 сынып оқушылары, № 6, 29, 34, 41ЖОМ 8 сынып оқушылары;

ІІІ орын– № 2, 16, 17, 21, 27, 34ЖОМ 7 сынып оқушылары,№ 1, 11, М.Әлимбаеватындағы мектеп,17, 37, 41, 43ЖОМ 8 сынып оқушылары;   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарына ие болады.