Наурыз мейрамын мерекелеу аясында "Павлодар дарыны"бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылдың 15-2 наурыз аралығында қала мектептерінің 5-11 сынып оқушыларына арналған "Этностиль" ұлттық киім бейнероликтерінің қашықтықтан қалалық конкурсын өткізді.
Мақсаты-қазақтың дәстүрлі ұлттық киімінің бірегей құндылықтарына, оның этникалық ерекшелігіне және алуан түрлілігіне назар аудару.
Байқауға қаланың 12 мектебінен (№ 2, 16, 19, 28, 29, 30, 33, 34, 36, 38, 41,43) 50 қатысушы қатысты . Байқау қатысушыларына қазақтың ұлттық киімдерін көрсете отырып, TikTok қосымшасында бейнеролик жасау ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша 23 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды - 1 оқушы, ІІ орынды - 6 оқушы, ІІІ орынды - 16 оқушы.
I орынды № 2 мектептің 6 сынып оқушысы Тезекбаев Мадияр; II орынды № 2 мектептің 9 сынып оқушысы Тлеутемирова Даяна, №41 мектептің 4 сынып оқушысы Қаршыға Дина, №43 мектептің 11 сынып оқушысы Галюра Яна, Тасыбаева Анель, Еременко Милена, № 29 мектептің 1 сынып оқушысы Берикболова Амина иеленді. III орынды № 28 мектептің 6 сынып оқушысы Ефименка Адель, № 43 мектептің 7 сынып оқушылары Суворова Екатерина, Қошқарбаева Дарья, Корягина София, Курумбаева Қаламқас, Нечаева Лидия, № 29 мектептің 1 сынып оқушысы Туртулова Айғаным, № 30 мектептің оқушылары Ягала Глеб, Рахатова Анель,Сүлеймен Алина, 2 сынып оқушылары Темиргалиева Айлана, Сембай Алдияр, Мукуш Ансар, № 19 мектептің 6 сынып оқушысы 3 сынып оқушылары Арғынова Малика, Батырхан Ділназ иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I,II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" БУҚБДДО сертификатымен марапатталады.