Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптілділік бойынша олимпиада қорытындысы
29-03-2021 15:44
Көптілділік бойынша олимпиада қорытындысы

        Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту  орталығымен 2021 жылғы 17-25 наурыз аралығында Ұлы Абайға арналған қашықтықтан  олимпиада өткізілді. Мақсаты-Абай Құнанбаевтың шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білу.Байқауға 8-10 сыныптардан 67 оқушы қатысты, оның ішінде 8 сынып оқушылары - 23, 9 сынып оқушылары - 21, 10 сынып оқушылары - 23 оқушы, сонымен қатар  мемлекеттік тілде оқытатын мектептерден 36 оқушы.Бірінші турда оқушылар "Абай шығармашылығындағы табиғат", "Абайдың философиялық ойлары", "Абайдың өмірі мен шығармашылығы"тақырыптарында үш тілде эссе жазды.Бірінші турдың қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары арасында үздік эсселер № 1, 6,11, 16,19, 26 (2), 36, 37, 39, 9-сынып қатысушылар арасында- № 1, 17, 18, 20 (2), 23,25, 27, 28, 35, 37 мектеп оқушылары,10 сынып оқушылары арасында – № 7, 9, 12,11, 17, 19, 20, 25, 27, 35, 37 мектеп қатысушылары.

         Екінші турдың қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары арасында 11, 16, 26 (2), 37; 9 сынып оқушылары арасында- № 17, 18, 19, 20 (2),27 , 10 сынып оқушылары арасында Қ. Бекхожин атындағы № 7, 9, 11, 17, 19, 25, 27, 35, 37, 41 мектеп оқушылары  үздік өлеңдер оқыды.Барлық оқушылар Абай шығармалары туралы білімдерін көрсете алды.

         Ұлы Абайдың мұрасын терең зерттеп, ақын А.С. Пушкиннің шығармасын үш тілде оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген № 19 мектептің 8 сынып оқушысы Ынтықбаева Дильназдың баяндамасын атап өткен жөн.

         Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломмен  Ынтықбаева Дильназ (№19 ЖОМ), 9 сынып оқушылары арасында Рамазанова Рауза (№25 ЖОМ), 10 сынып оқушылары арасында Сапаргалиева Мадина (№37 ЖОМ) марапатталды.

          II дәрежелі дипломмен № 11 (2), 18, 20, 25, 26, 28, 37 қала мектептерінің 8 оқушысы  марапатталды.

          ІІІ дәрежелі дипломмен № 1(2), 6, 7, 9, Бекхожин, А., 16, 17 (2), 19, 20 (2), 23, 26, 27(2), 35(2), 36, 37, 39, 41    қала  мектептерінің  22  оқушысы  марапатталды.