Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білімпаз» функционалдық сауаттылық бойынша зияткерлік байқау
13-04-2021 17:59
«Білімпаз» функционалдық сауаттылық бойынша  зияткерлік байқау

          Талантты және дарынды балаларды анықтау,  оқырман мәдениетінің деңгейін, математикалық және жаратылыстану - ғылыми сауаттылығын арттыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 12 сәуірде № 1, 2, 7 мектептерде  функционалдық сауаттылық бойынша "Білімпаз"қалалық зияткерлік конкурсы өтті. Жалпы білім беретін мектептердің   2-4 сыныптарынан 160 оқушы, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын 77 бала қатысты.

           Байқау  2 - турда  үш бағыт бойынша өтті: "Оқу сауаттылығы"," Жаратылыстану - ғылыми сауаттылық", " Математикалық сауаттылық". Тест тапсырмалары  жауаптардың  2 түрінен тұрды: еркін құрастырылатын (жазбаша, толық, негізделген жауап), жабық құрастырылатын (баяндау оқиғаларының реттілікпен орналасуы, қажетті цифрларды немесе сөздерді белгілеу).

          Байқау қорытындысы бойынша 77 жүлделі орын анықталды, оның ішінде     I орынды - 6 оқушы, II орынды - 24 оқушы, III орынды - 47 оқушы алды.

          Қазақ тілінде оқитын 2 - сынып оқушылары арасында І орынды Әмірханова Амира (№ 25 ЖОМ), орыс тілінде оқитын Султанова Самира (№ 39 гимназия - мектебі) иеленді.

          І орынды қазақ тілінде оқитын 3 - сынып оқушылары арасында Қуаныш Дана (№24 ЖОМ), орыс тілінде оқитын Тумгоев Адам (№ 34 ЖОМ) иеленді.

          І орынды қазақ тілінде оқитын 4 сынып оқушылары арасында Жарасова Алтынай (№35 ЖОМ), орыс тілінде оқитын Денчик Аделина (№ 9 гимназия -мектебі) иеленді.

         2 сынып оқушылары арасында II орынды № 2, 9, 29, 30, 33, 36, М. Әуезов атындағы (2), Кенжекөл оқушылары, III орынды - № 1, 5, 11, 14 (2), 17, 21 (2), 24, 27, 34, 35, 38, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші, Кенжекөл мектептерінің  қатысушылары алды.

        3 сынып оқушылары арасында II орынды № 5, 9, 17, 25, 39, Кенжекөл ЖОМ, III орынды - № 1, 2, 6, 11, 14, 18, 21, 23, 26, 28 (2), 30, 31, 35, 36, 43, М. Әуезов атындағы, Жетекші мектептерінің  оқушылары иеленді.

        4 сынып оқушылары арасында II орынды № 1, 13, 25, 33, 36, 39, 43, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы ЖОМ оқушылары, III орынды № 6, 7, 17, 19, 21, 23, 24, 26, 29, 33, 34, 41, Бекхожин атындағы мектеп қатысушылары алды.

        Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің      I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарымен марапатталады.

         Конкурс қатысушылардың одан әрі дамуына және  өздігінен білім алуға  ынталандырады.