Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жамбыл оқулары»
15-04-2021 14:19
«Жамбыл оқулары»

          Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 14 сәуірде    8-11 сынып оқушылары арасында «Жамбыл оқулары» қашықтықтан  қалалық байқауын өткізді.

          Мақсаты-қазақ әдебиетінің ұлы ойшылы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, ақын шығармалары мен туған жерге деген сүйіспеншілік негізінде оқырмандық мәдениетті, рухани әлеуетті дамыту.

          Конкурсқа Павлодар қаласының 18 жалпы білім беретін мектептерінен 8-11 сынып оқушыларының  27 оқушысы  қатысты.

          Байқаудың 14 оқушысы  жеңімпаз және  жүлдегер  атанды, оның ішінде бірінші орын – 3, екінші орын – 5, үшінші орын – 6.

           I орын иегерлері: № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Капанов Алимхан(«Жамбылдың жыр мұрасы»), №37 ЖОМ  8 сынып оқушысы Тулеубаева   Анель   («Жыр алыбы  Жамбыл»), №38 НЖББМ 8 сынып оқушысы Рамазан Махамбет  «Өлең - сөздің даналығы, бар қазақтың Жамбылы»).

          II орынды № 25 ЖОМ  (Конкышева Амина) , №31 ЖОМ (Оңалбек Жаныл), №27ЖОМ  (Бегимова Дильназ), Қ.Бекқожин атындағы ЖОМ (Орымбай Шынболат), № 20 лицей - мектебі (Бегембет Тамерлан) иеленді;

          III орын -№  6 (Аспанова Камилла), № 21 (Шегебай Назым), № 37 (Сатвалдинова Мадина), № 17 (Ербулат Диляра), № 26 (Есенко Лия), № 38 (Хавалхаг Ғазиз)   мектеп оқушылары иеленді.

          Рамазан Махамбеттің бейнеролигін атап өткім келеді. Онда ол"Жамбылға арнау" өлеңін мәнерлеп оқып, домбыра арқылы ұлы ақын Ж.Жабаевтың ұлылығы мен данышпандығын ашты.

          Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.