Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры» олимпиадасының қорытындысы
15-04-2021 16:04
«Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры» олимпиадасының қорытындысы

          «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай  2020-2021 оқу жылының 14-15 сәуір аралығында алғаш рет «Павлодар дарыны» БУҚБДДО қазақ тілі пәнінен «Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры» атты басқа ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушыларына арналған олимпиада өтті.

          Негізгі мақсаттары:Қазақ тілі пәні бойынша білімдерін жүйелеу; Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау, мемлекеттік тілді оқуға басқа ұлт өкілдерін ынталандыру; Жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, еліміздің мәдени мұрасына құрметпен қарау және  қоғамның тарихи жадысын байытып, сақтауға ықпал тигізу.

          Байқау екі тур бойынша өткізілді:

          I - тур:қатысушылар тест тапсырмаларын орындады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы екінші турға өтті.

            II-тур: қатысушылар таңдалған тақырып бойынша қазылар алқасымен                   диалог құрастырды (өмірлік жағдаятқа байланысты, 5-7 минут).

            Бірінші турға қаланың 21 мектебінен 134 үміткер қатысты.  Ең жоғары ұпай           жинаған оқушылар ІІ турға өтті.

            Олимпиаданың  қорытындысы бойынша 18 мектептен 47 оқушы жүлделі               орынға ие болды. Олардың ішінде І орын - 6, ІІ орын -11, ІІІ орын - 7.

            Осы қатысушылар ІІ айналымда аузекі сөйлеу шеберлігін көрсетті.18                     мектептен: №5 , №6, №9, №11, №14,  №16, №17, л№20, №24, №26, №27, №29,           №30, №34,  № 36, №38, М.Әуезов ат.мектеп, №43 мектеп оқушылары қойылған           сұрақтарға еркін жауап берді, сонымен қатар оқушылар да қазылар алқасына сұрақ     қоя білді.

          Барлық қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.