Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жыр жауһары – жастар
12-05-2021 12:20
Жыр жауһары – жастар

"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 8 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған жас ақындардың қалалық онлайн конкурсын өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты-дарынды авторларды анықтау, жастардың патриоттық сезімін және Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру; жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын жандандыру; жастар арасында Ұлы Отан соғысы туралы шығармаларды насихаттау.

Байқауға қаланың 12 жалпы білім беретін мектептерінен 5-8 сыныпта оқитын 10-15 жастағы 26 бала қатысты (№ 1, 2, 19, 28, 32, 39, 41, 43, № 16, 20 лицей-мектебі, К. Мақпалеев атындағы мектеп, Кенжекөл ЖОМ). Байқау шарты бойынша қатысушыға әскери тақырыпта өз туындысының бір өлеңін жатқа айту және бейнеролик түсіру қажет болды. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: байқау тақырыбын ашу; материалды ұсынудың жарықтығы мен бірегейлігі; сөйлеудің мәнерлілігі мен эмоционалдылығы, әртістігі.

Байқау қорытындысы бойынша 11 жүлдегер атанды, оның ішінде I орын – 1 оқушы, II орын – 4 оқушы, III орын – 6 оқушы.

І орынды № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сұраған Арайлым иеленді.

II орынды Цечоева Лейла (Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ), Кочубева Полина (№ 16 лицей - мектебі), Қуанышбек Ахметжан (№ 19 ЖОМ), Беркимбаева Сабина (Кенжекөл ЖОМ) иеленді.

ІІІ орынға Дінмұхаммед Нұрайым (№ 2 ЖОМ), Жукова Евангелина (№ 16 лицей - мектебі), Уакбаева Феруза (№ 19 ЖОМ), Керн Эрика (№ 28 ЖОМ), Пилипенко Александра (№ 39 ЖОМ), Максимова Дарья (Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ) ие болды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны" жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.