Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тарих аясындағы үш символ
04-06-2021 08:31
Тарих аясындағы үш символ

2021 жылғы 4 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 5-9 сынып оқушылары арасында "Тарих аясындағы үш символ" қалалық қашықтық жазғы жобасын өткізді.

Жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

         Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.   «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздіңберік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді» - деп Нұрсұлтан Назарбаев анықтады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» КМҚК осы мерекеге орай «Тарих аясындағы үш символы» қалалық жазғы жоба өткізді. Жоба екі кезеңде өтті. І кезең – викторина (сұрақ-жауап), ІІ кезең – «Фото жұмбақты таба аласың ба?».

Жобаға Павлодар қаласының 33 жалпы білім беретін мектептерінен 5-9 сыныптардан 249 оқушы қатысты.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 124 оқушы қатысты, оның ішінде бірінші орын – 1, екінші орын – 57, үшінші орын – 66.

Қорытынды бойынша І орын - №21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Ахметов Ниязбек.

ІІ орын – ЖОМ № 2(15), 5(2), 11(2), , 14(2), 16(5), 18(1), 21(5), 24(2), 25(2), 26(4), 31(1), 32(2), 34(2), 36(1), 37(3), 39(2), 42(1), 43(1) М.Әлімбаев(3) Б.Момышұлы (1) орынға ие болды.  

ІІІ орын – ЖОМ №2(3), 5(2), 9(1), 14(4), 16(2), 18(2), 22(1), 26(6), 28(4), 32(2), 33(3), 34(9), 37(4), 39(1), 41(6), 43(3), М.Әлімбаев (2), Б.Момышұлы (1), Жетекші (5), Кенжекөл (6) орын алды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.