Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Лето в салате" қалалық жазғы байқауының қорытындысы
09-06-2021 11:05

        2021 жылғы 8 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы «Жазғы круиз» жоба аясында «Лето в салате» қалалық онлайн конкурсы өткізілді. Мақсаты – жазғы кезеңде оқушылардың бос уақытының  қамтылуын қамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін, қиялын, идеясын дамыту,салауатты тамақ туралы білім алу.

       Конкурс шарты бойынша қатысушылар конкурс  тақырыбына сәйкес кезеңмен салат дайындауды таныстыру фотосуретін жіберді. Конкурсқа қаланың 23 жалпы білім беру мектептерінен 1-7 сыныптың 70 оқушысы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде I орынға - 1, II орынға - 8, III орынға - 9 оқушы ие болды.

        Қатысушылар «Летний, легкий», «Радуга», «Витаминный», «Бодрость», «Рататуй» «Фруктовая фантазия», «Солнечная роса», «Летнее настроение», «Нежность», «Денсаулық»    атты салаттар дайындады, олар жазғы жеміс, көгөніс, жиек, көк шөптің әр алуан молшылығынан жасалған. Бұл жерде фантазия, шығармашылық, қоспалардың бір-біріне сай келуін көруге болады, сонымен қатар дайындау дағдыларымен осы іске деген қызығушылықты байқауға болады. Байқаудың қорытындысы бойынша ең жақсы бейнеролик №11 мектебінің 5 сынып оқушысы Калиничевой Еваның жұмысы болып табылады. Ол «Фруктовый витаминный  салатик» салат ұсынды, бұл салатта ашық түсті жарық жазғы көңіл күйді көрсетті.

      Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.