Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Флора MIX» жазғы қашықтық байқауының қорытындысы
18-06-2021 12:45
«Флора MIX» жазғы қашықтық байқауының қорытындысы

    «Жазғы круиз» жазғы кешенді бағдарламасы аясында Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» БУҚБДДО 9 - 17 маусым аралығында «Флора MIX» жазғы қашықтық қалалық байқауын ұйымдастырды.Қатысушылар гүл, жеміс-жидектер мен көк шөптерден құрылған композиция дайындап, оны көркем безендірді.

    Байқауға қаланың жалпы білім беру мектептерінің 1- 8 сыныптарынан 129 оқушы қатысты.

    Жұмыстарды бағалау кезінде композицияның өзіндік ерекшелігіне, жұмыстың күрделілігі мен дизайнерлік шешімге ерекше назар аударылды.

    Байқау қорытындысы бойынша "Флора MIX" байқауында  № 2, 5, 9, 16, 17, 19, 24, 26, 29, 43 ЖОББМ 10 оқушысы I орын алды.

    ІІ орынды  № 5, 9, 14, 17, 21, 29, 32, 39, 41, 43 ЖББОМ 15 оқушысы иеленді.

    III - орынды қаланың № 5, 9, 14, 17, 19, 24, 26, 28, 29, 32, 39, 41, М.Әлімбаев атындағы ЖОМ, Жетекші ЖОМ 27 оқушысы иеленді.

    Байқау жеңімпаздары «Павлодар дарыны» БУҚБДДО – ның I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.