Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпықазақстандық диктант
03-09-2021 13:23
Жалпықазақстандық диктант

«Мың бала»  республикалық мәдени-ағарту жобасын ұйымдастыру және өткізу шеңберінде 2021 жылғы 3 қыркүйекте мемлекеттік тілде ашық жалпықазақстандық диктант өтті.

Іс-шараның мақсаты-мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолданылу аясын кеңейту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Қазіргі кезде қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жалпықазақстандық диктант онлайн форматта өткізілді. Іс-шараға Павлодар қаласының 28 мектебінен 2073 оқушы қатысты.

Елімізде тұңғыш жалпықазақстандық ашық диктант бес жыл бұрын, 2016 жылы өтті. Жыл сайын диктант тақырыбы өзгеріп отырады, биыл диктант Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Қала мектептері осы іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етті.