2021 жылғы 17 қыркүйекте облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сыныптарының 149 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының № 2, 9, 17, 23, 25, 27, 37, 39, Кенжекөл жалпы білім беретін мектептерінің 9 оқушысы, қалалық турдың жеңімпаздары облыстық гуманитарлық олимпиадаға қатысты. Олимпиада онлайн режимінде Gogle-disk платформасында өткізілді. Мақсаты-ұлттың рухани дамуының және қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болып табылатын оқушылардың оқу мәдениетін дамыту, өз халқының тарихына танымдық қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Зияткерлік пәнаралық олимпиада Қазақстан тарихы мен Қазақ әдебиеті бойынша білімді жүйелеуге, мектеп бағдарламасына енбеген көркем шығармалармен танысуға бағытталған. Олимпиада оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілетін тексеруге, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қатысушылар тесттің 25 сұрағына жауап беріп, М.Әуезовтің"Абай жолы"роман-эпопеясы бойынша ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 4 оқушысы жүлдегер атанды:
І орын- № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Зейніл Гүлнара;
ІІ орын- № 17 ЖОМ 11 сынып оқушысы Плахотнюк Алиса;
ІІІ орын- №37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Қали Гүлназ және №2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталады.