Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Анонс Жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы" ғылыми - зерттеу жобаларының республикалық онлайн – конкурсы туралы
22-09-2021 10:56
Анонс Жалпы  білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында

2021 жылғы 20  қыркүйектен  бастап  9 желтоқсанға дейін  жалпы  білім беретін  мектептердің 7-11 сынып оқушылары  арасында  "Тәуелсіз Қазақстан  және  Елбасы" ғылыми - зерттеу жобаларының республикалық онлайн – конкурсы өткізіледі.

 Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекетті дамытуға бағытталған идеяларын танымал ету.

Байқауға  Павлодар   қаласының   жалпы  білім  беретін  мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің зерттеу және шығармашылық жұмыстарын ұсынады.

Байқау шарттары бойынша жобаларды қорғау келесі бағыттар бойынша өтеді:

- ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметі арқылы Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерделеу;

- бірегейлік пен бірлік – қоғамдық келісімнің қазақ моделінің негіздері;

- қазақстандық патриотизм, ұлттық идеяны қалыптастырудағы Елбасының рөлі;

- Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық жолы мен моделі;

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астананың қалыптасуындағы рөлі.

Байқау жеңімпаздарын ұйымдастырушы www.presidentlibrary.kz ресми сайтында жариялайды

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі