Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Зерде» жоба және зерттеу жұмыстары конкурсы қалалық кезеңінің қорытындысы өткізілді. Конкурс 2021 жылғы 13 - 22 қыркүйек аралығында онлайн тәртібінде өтті.
Конкурс мақсаты – бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының зерттеу қабілеттерін және зияткерлік- шығармашылық мүмкіншілігін қолдау және дамыту. Конкурсқа қатысу үшін қаланың 38 жалпы білім беру мектептерінен 2 - 7 сыныптың 317 оқушысынан 306 жоба ұсынылды. Зерттеу жұмыстарын қорғау 9 секция бойынша өтті- қазақ тілі және әдебиеті; орыс тілі және әдебиеті; ағылшын тілі; математика, информатика; физика, техника; медицина, психология; тарих , өлкетану, этномәдени; химия, биология; экология, валеология және робототехника.
Оқушылардың жобалары әртүрлі бағытта болды, олардың зерттеулері бүгінгі күннің экология, өз туған өлкесінің тарихи және мәдени мұрағаты, математикалық теңдеулердің құпиясы, көзбен қабылдаудың сыры,кристалл қасиеті,қуат үнемдеу мәселелері, үй жағдайында ауа ылғалдылығын тексеру, сәндік – қолданбалы өнердің ғажайып әлемі, компьютерлік тәуелділік мәселелерінің жеңісі, мектеп театрымен айналысу туралы өзекті тақырыптарын қозғады.
Конкурс қорытындысы бойынша 2 - 4 және 5 - 7 сынып оқушыларына арналған жеке жүлделі орындар анықталды. 150 шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстарының авторлары конкурс жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын- 17, екінші - 40, үшінші - 93.
I орын иегерлері № 1 (1), 2 (1), 7 (2), 16 (1), 17 (2), 29 (1), 33 (1), 34 (1), 35 (2), 36 (1), 39 (3), 43 мектеп оқушылары. II орынды № 2 (1), 7 (1), 11 (1), 14 (2), 16 (2), 19 (2), 21 (2), 24 (1), 25 (2), 26 (4), 27 (2), 29 (2), 30 (1), 34 (1), 35 (1), 38 (1), 39 (4), 43 (2), К.Макпалеев (1), К.Беккож (1), Б. Момышұлы (2), М. Әуэзова (1), Жетекші ЖОМ (3)иеленді. III орынды № 1 (2), 2 (2), 5 (2), 11 (2), 14 (3), 16 (5), 17 (4), 18 (1), 19 (2), 21 (3), 24 (3), 25 (7), 27 (2), 28 (2), 29 (4), 30 (1), 32 (2), 33 (2), 34 (2), 35 (1), 36 (1), 37 (8), 38 (1), 39 (5), 40 (1), 41 (4), К.Макпалеев (5), М.Әлимбаев (6), Б. Момышұлы (3), М.Әуэзов (3) атындағы мектеп оқушылары және Кенжекөл ЖОМ (3), Жетекші ЖОМ (1) оқушылары иеленді..
Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатымен белгіленді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодарқаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталды. Барлық жүлделі шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары конкурстың облыстық кезеңінің іріктеу турына ұсынылады.