Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңа серпіліс» І қалалық турнирі
04-10-2021 15:29
«Жаңа серпіліс»  І қалалық турнирі

ППУ КЕАҚ, "Павлодар дарыны" БУҚБДДО және  М.Әлімбаев атындағы ЖОМ арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум негізінде, сондай-ақ "Жаңа көзқарас" дебат мектебінің мәдени-білім беру жобасын, 2021 жылғы 3 қазанда  М.Әлімбаев атындағы ЖОМ негізінде Ы.Алтынсариннің 180- жыл толуына және М.Әлімбаевтың туған күніне  орай «Жаңа серпіліс»   І қалалық турнирі өткізілді.

Жарысқа қаланың 13  (№1, 2, 19, 20, 21, 24, 35, 37, 39, 40, ЖЖОМ,  Б. Момышұлы атындағы. М. Әлімбаев атындағы ) мектебінен 14 команда қатысты.

Турнир екі кезеңде өтті: іріктеу және қорытынды. Турнирде ұлы педагогтардың идеяларының қазіргі заманмен үндестігі ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы мектептегі білім беру проблемалары да қозғалды. Жас дебатерлердің өнерін КЕАҚ ППУ "Ақиқат" студенттік клубының жетекші дебатерлері бағалады.

Турнир қорытындысы бойынша үздік дебатер – командалар анықталды. І дәрежелі дипломмен және ауыспалы кубокпен № 2 ЖОМ "Шабыт" командасы, ІІ дәрежелі дипломмен № 35 ЖОМ "Барыс" командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 37 ЖОМ "Тарлан" командасы марапатталды. Құрмет грамотасымен № 21 ЖОМ "Жас өрендер" командасы марапатталды. Сондай-ақ, № 19 ЖОМ оқушысы Жасқайратова Аяулым "Үздік спикер"номинациясына ие болды.

           Турнирдің құрметті қонағы Павлодар қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесшісі Еркеғали Жанғазы болды.

Осы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық "Жаңа көзқарас" дебат клубының белсенді қатысушылары болып табылатынын атап өткен жөн. "Дебат қозғалысының жандануының арқасында біз осы салада нағыз кәсіпқойларды өсіруге және қалада жас дебатерлердің кәсіби қауымдастығын құруға мүмкіндігіміз бар", - деп атап өтті өз сөзінде Орталық басшысы А. Л. Мухаметжанова.

Турнирдің барлық қатысушылары "Павлодар дарыны"БУҚБДДО  серитификаттарын алады. Жеңімпаз және жүлдегер атанған команда жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.