Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылыған дамыту орталығы 2021 жылғы 4-6 қазанда "Жас экорепортер"облыстық экологиялық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты-оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, байқаудың әр қатысушысының экологиялық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінуі. Байқауға қаланың 11 жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сыныптарынан 19 оқушы қатысты.
Байқау қатысушылары Павлодар қаласының экологиялық мәселелері тақырыбына бейнероликтер ұсынды, онда статистика және мәселені одан әрі шешу үрдісі, сондай-ақ оларды шешудің заманауи жолдары келтірілді.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 43 мектептің 11 сынып оқушысы Лёзов Ярослав иеленді. Ярослав өзінің бейнеролигінде Павлодар қаласының экологияға байланысты өзекті мәселелерін сипаттап берді, сондай- ақ қаланың өсіп келе жатқан автомобильдендіруімен байланысты мәселелерді шешудің маңыздылығын атап өтті.
ІІ орынды Жетекші ЖОМ 11 сынып оқушысы Каиргельдинова Алуа және № 40 ЖОМ 10 сынып оқушысы Жұмабекова Алуа иеленді.
ІІІ орынды № 14 ЖОМ 9 сынып оқушылары Трушкина Ангелина мен Каиргельдинова Нурия, № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Юсупов Даниил иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» БУҚБДДО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, қатысушылар - сертификаттарымен марапатталады.