Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Мың бала"республикалық мәдени - ағарту жобасы аясында өзге ұлт өкілдерінің 9-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған қашықтықтан қалалық байқау туралы.
11-10-2021 17:00

14 қазан күні сағат 10.00 – де Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы "Өнер алды-қызыл тіл" қашықтықттан  қалалық байқауы өткізіледі.

Конкурстың мақсаты-мемлекеттік тілді оқыту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Байқауға 9-10 сынып оқушылары, мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады (квота - мектептен 2 адам: 9 сыныптың 1 оқушысы, 10 сыныптың 1 оқушысы).

Конкурс 4 кезеңде өтеді: I кезең (мектеп), II кезең (қалалық), III кезең (облыстық - қалалық конкурста I және II орын алған оқушылар қатысады) және IV кезең – қорытынды, республикалық.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының  дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер (квотаға сәйкес) ағымдағы жылдың 21 қазанында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

 

"Павлодар дарыны" БУҚБДДО КМҚК