Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Тәуелсіздік ұланы"сыйлықақы
12-10-2021 15:48

Түрлі салаларда ерекше қабілеттерін көрсеткен талантты  және дарынды балаларды, сондай-ақ басқаларды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен, қоғамдық маңызы бар, батыл іс-әрекеттер жасаған балаларды қолдау мақсатында "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Тәуелсіздік ұланы"сыйлығын беруге үміткерлерді іріктеу  жүргізеді.

Ережеде (1-қосымша) көрсетілген облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың, олимпиадалар мен жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығын беруге үміткерлер болып табылады.

"Спорттық шеберлік" номинациясында тек республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктер есепке алынады.

Өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіге отырып, қоғамдық маңызы бар, батыл іс-әрекеттер жасаған білім алушыларға "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығы конкурстан тыс беріледі.

Номинациялар мен квоталар Ережеде көрсетілген.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады.

І кезең-мектеп-2021 жылғы 18-23 қазан аралығында

ІІ кезең-қалалық-2021 жылғы 1-6 қараша аралығында

ІІІ кезең-облыстық-қорытынды-2021 жылғы 15 қарашадан 3 желтоқсанға дейін.

II кезең(қалалық) комиссиясының қарауына құжаттар 2021 жылғы 27 қазанға дейін ұсынылады (құжаттар тізбесі Ережеде көрсетілген).