Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мағжан оқулары.
13-10-2021 16:59
Мағжан оқулары.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 13 қазанда 5-10 сынып оқушылары арасында Мағжан оқуларының  қашықтықтан  қалалық кезеңін өткізді. Пандемияға байланысты оқулар оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, поэтикалық сөздің күші мен қуатын түсінуге үйрету, дамыту және өз пікірін ғылыми тұрғыдан жеткізе білу мақсатында үш номинация бойынша ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Қаланың 30 жалпы білім беретін мектептерінен 5-10 сыныптардан 67 оқушы қатысты.

Ережеге сәйкес байқау үш бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды, жас дарындар өз өлеңдерін оқыды, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларды қорғады.

Оқу қорытындысы бойынша "Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" бағытында І орынды № 38 НЖББМ 9 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз иеленді, ІІ орын – № 17 ЖОМ 10 сынып оқушысы Аханов Мерлан, № 18 ЖОМ 5 сынып оқушысы Бауыржан Бекзат, № 35 ЖОМ 10 сынып оқушысы Рамазанова Айдина, № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Ерболатқызы Әлия,   ІІІ орынды

Қ. Бекхожин атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Жануакова Гүлназ, М. Әлімбаев атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Абай Әйгерім, № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Орал Гүлден, № 31 ЖОМ 7 сынып оқушысы Абдрахман Еркебұлан, 6 сынып оқушысы Тоқан Жайна, 5 сынып оқушысы Сымағұл Абдулла, № 39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ахметова Алина, № 40 ЖОМ 5 сынып оқушысы Карпунина Ильзира, Кенжекөл ЖОМ 5 сынып оқушысы Бекежанқызы Гүлназ иеленді.

Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша "Ақын да бір бала ғой айға ұмытылған" бағыты бойынша І орынды Қ.Бекхожин атындағы 10 сынып оқушысы Орымбай Шынболат, ІІ орынды 8 сынып оқушылары  Шоқан Сандуғаш № 40 ЖОМ және  Кенжекөл ЖОМ Беркімбаева Сабина, ІІІ орынды № 19 ЖОМ 7 сынып оқушысы Абылайханқызы Еркежан, № 28 ЖОМ 9 сынып оқушысы Мамытхан Анель, № 38 НЖББМ 8 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым иеленді.

Зерттеу жұмыстарының байқауында " Толқынмен толқын сырласып..." бағытында І орынды № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жилкимова Гүлжәнат, ІІ орынды № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бейсембина Салима және № 25 ЖОМ оқушысы Нығметова Дильназ, ІІІ орынды № 1 ЖОМ 10 сынып оқушысы Есенгельдина Аружан, № 5 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шукуралинова Неля,  № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Амринова Анель, № 28 ЖОМ 10 сынып оқушысы, Хижняк Регина, № 38 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бахатхая Сәулегүл иеленді.

Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Байқаудың жеңімпаздары ағымдағы жылдың 15 қазанында өтетін облыстық кезеңге қатысады.