Онлайн режимде ZOOM платформасында 2021 жылғы 14 қазанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Мың бала" республикалық мәдени–ағартушылық жобасы шеңберінде өзге ұлт өкілдерінің 9-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған "Өнер алды - қызыл тіл" байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты-мемлекеттік тілді оқыту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.
Байқауға қаланың 28 жалпы білім беретін мектептерінен 9-11 сыныптардан 38 оқушы қатысты.
Қатысушылар ұлттық костюмдерде өнер көрсетті, өздері туралы әңгімелеп, 2021 жылдың мерейтойлық күндеріне арналған көркем шығармаларды жатқа оқыды.
Байқаудың 13 оқушысы жеңімпаз және жүлдегератанды, оның ішінде бірінші орын - 1, екінші – 3, үшінші – 9 және 5 номинация.
I орынды № 5 ЖОМ 9 сынып оқушысы Чырмышбаева Алина иеленді;
II-орынды 9 сынып оқушылары № 17 ЖОМ Граблева Аделина, № 28 ЖОМ Кульчицкая Зарема және № 43 ЖОМ Карташова Анастасия иеленді.
III орынды 9 сынып оқушылары № 2 ЖОМ Чижова Карина, № 14 ЖОМ Рослякова Хава, № 16 ЛМ Голубничий Николай, № 18 ЖОМ Агелиева Наиля, № 27 ЖОМ Авазова Сабина, №41ЖОМ Ляхова София, М.Әлімбаев ат. ЖОМ Рубан Арина, 10 сынып оқушылары № 20 ЛМ Редько Кристина, № 33 ЖОМ Есмуханова Арина иеленді.
"Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар" номинациясы бойынша 10 сынып оқушылары № 5 ЖОМ Шукуралиева Неля, № 11 ЖОМ Качанко Эвелина, № 14 ЖОМ Бурлакова Татьяна, № 17 ЖОМ Свидерская Софья және № 23 ЖОМ 9 сынып оқушысы Половинко Татьяна иеленді.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, II дәрежелі дипломдарымен марапатталды, сондай-ақ барлық қатысушылар сертификаттар алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер (квотаға сәйкес) ағымдағы жылдың 21 қазанында өтетін облыстық кезеңге өтеді.