Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпаздары
19-10-2021 18:50
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпаздары

«Мағжан оқулары» республикалық конкурсының ХІ облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 5-10 сыныптарының 57 оқушысы, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 3 оқушысы қатысты. Оқулар 2021 жылдың 15 қазанында онлайн режимде ZOOМ платформасы арқылы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 3 қатысушысынан, 3 бағыт бойынша қалалық оқу жеңімпаздары, 2 қатысушы жүлделі орындарға ие болды және олар республикалық оқу кезеңіне қатысады.

«Ақын да бір бала ғажайып» номинациясында  І орынды - жас ақындар сайысында Павлодар қаласының К.Бекхожин атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Орынбай  Шынболат иеленді.

№38 НЖОМ 9 сынып оқушысы Хавалхаг Газиз «Өлең-менің жасым, Айым, Күнім» номинациясы бойынша ақынның шығармаларын жатқа мәнерлеп оқып  ІІІ орынды иеленді.