Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» қашықтықтан қалалық бейнероликтер байқауын өткізді.
Мақсаты – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, адамгершілігі жоғары, жауапты, белсенді және әлеуметтік құзыретті азаматтық алыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсымінез-құлық негіздерін қалыптастыру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.
Байқауға қаланың 12 жалпы білім беру мектебінің 7-11 сыныптардың 40 оқушысы қатысты.
Байқау шарты бойынша оқушылар «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалықшақ» тақырыбында бейне-репортаж түрінде өз жұмыстарын ұсынды.
Жарыс қорытындысы бойынша І орындарды № 12 ЖОМ «Жалын» және № 26 ЖОМ «Патриоттар» командалары иеленді.
Қатысушылар екі минуттық бейнероликте сыбайлас жемқорлықтың не екенін, құқық бұзушылық жасаған кезде қандай зардаптарға әкелетінін қысқаша және мазмұнды түрде көрсетті. Бейне жазбаларды шенеунік кәмелетке толмаған баладан пара алғаны туралы үбір тек бойынша берген.
IIорынды №34 ЖОМ «Парасаттыұрпақ» командасыиеленді.
IIIорынды №21 орта мектептің 10-сынып оқушысыМертенс Таисия, соныменқатар №11 орта мектептің «Жасұландар» және №29 орта мектептің «Жасөспірімдер» командаларыиеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодардарыны» орталығыныңҚұрметграмоталарыменмарапатталды.