Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық пікірсайыс турнирінде қалалық «Жаңа көзқарас» клубы үздік атанды
08-11-2021 14:32
Облыстық пікірсайыс турнирінде қалалық «Жаңа көзқарас» клубы үздік атанды

2021 жылдың 5 қарашасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын» және «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның 10 жылдығын мерекелеу аясында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – облыстың зиялы жастарын топтастыру, қоғамда кемелденген, жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық ұстанымды ұстанатын, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлай алатын жас ұрпақты қалыптастыру.

Турнир екі лига бойынша өтті: қазақ лигасы облыстық «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің негізінде  өтті; ММ. Катаев  атындағы облыстық Оқушылар сарайының негізінде  орыс лигасы өтті. Турнирлер Британдық Парламенттік форматта (БПФ) өтті.

Облыстық турнирлерге № 16 ЛМ, № 2.19, 21, 25, 34, 35, 37 және 28 ЖОМ қалалық «Жаңа көзқарас» клубының үздік пікірсайысшылары қатысты.

Күннің бірінші жартысында турнирлердің іріктеу кезеңі өтіп, финалистер мен «Үздік спикер» атағына үміткерлер анықталды.

Турнирлердің қорытындысы бойынша орыс  лигасында №16 мектеп-лицейінің «Кристалл» командасы жеңімпаз атанды; қазақ лигасында екінші дәрежелі дипломмен №2 мектептің «Шабыт» командасы және №25 мектептің «Ой дария» командасы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Барлық жеңімпаздар Дипломдар және бағалы сыйлықтармен, турнирге қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Турнирлер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өтті.