Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуден бақтарын сынады
11-11-2021 16:35
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуден бақтарын сынады

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылы 10 қарашада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты –қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

«Абай оқулары» облыстық конкурсын өткізу кезінде орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің өзге ұлт оқушылары қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларынан бөлек бағаланды. Қатысушылар ақын шығармаларымен таныс екендігін, оқып-білетіндерін байқауда көрсете білді.

Қаланың 36 жалпы білім беретін мектептерінің ішінен байқауға 104 оқушы қатысты, оның ішінде 50 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орын – 9, ІІ орын – 16, ІІІ орын – 25.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысында 12 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Амандықұлы Ернұр және № 31 ЖНОМ 8 сынып оқушысы Маменова Ксения иеленді. Ернұр Абайдың 85 туындысын жатқа айтты. ІІ орынды № 31 ЖОМ Тогжигитова Жанель, № 11 ЖОМДорохин Андрей, № 38 ЖОМ Дауыржан Ердамыс,№ 43 ЖОМЕздакова Лия иеленді. ІІІ орынды № 16 ЛМ Резников Роман, № 19 ЖОМ Тоқтар Тілеужан, № 25 ЖОМ Оразбаев Айбек, № 29 Шарафиева Сабина, № 30 ЖОМ Солтан Исматуллах, № 37 ЖОМ Ерболатқызы Әлия иеленді.

«Абайдың қара сөздері» бағытында Абайдың қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу сайысында 4 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 17 ЖОМ 10 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек иеленді. ІІ орынды № 2 ЖОМ Тоқтамысова Айзада иеленді. ІІІ орынды Б. Момышұлы ат. ЖОМӘуелбек Інжу және № 38 ЖНОМ оқушысы Хуаныш Мұнара иеленді.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу сайысында 5 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломды Б.Момышұлы ат. ЖОМ 10 сынып оқушысы Окташ Дария иеленді. ІІ орынды Қ. Бекхожин ат. ЖОМ 8 сынып оқушысы Шакарымова Адия, № 37 ЖОМ Сейфуллина Кенжегул иеленді.ІІІ орынды № 20 лицей мектебі Сейтқазы Әлия, Редько Крестина иеленді.

«Көңілім әнді ұғады» бағытында ән мен күй орындаушылар байқауында 12 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Смагулов Самир, № 26 ЖОМ Иваненко Аринаиеленді. Олар Шәкәрім Құдайбердиевтің «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады. ІІ орынды № 34 ЖОМ Григорян Элизабет, № 38 ЖОМ Хавалхаг Ғазиз иеленді. ІІІ орынды № 2 ЖОМ Ахмет Жандос, № 16 лицей мектебі Алдабергенова Мадина, Б. Момышұлы ат. Момынжанов Султанмахмут, № 29 Сыздыкпаев Санжар, № 35 ЖОМ Қайрулла Ділназ, № 37 Қабылбек Нұршат, № 27 Павлова Радмила, № 29 Кофтун София иеленді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша 6 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды Қ. Бекхожин ат. ЖОМ 10 сынып оқушысы Орымбай Шымболат иеленді. Шымболат бірнеше рет жүлдегер және қалалық және облыстық оқуларының жеңімпазы болып табылады. ІІ орындыМ. Әлімбаев ат. ЖОМ Бихиянова Дина және Б. Момышұлы ат. ЖОМ Солтанмұрат Дильназ,№ 39 ЖОМ Садыкаева Милана иеленді. ІІІ орынды № 32 ЖОМ Сагдиева Саяжан, № 38 ЖНОМ Хамит Сейфулла иеленді.

«Ұлылар әлемі» бағытында эссе сайысында 11 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 38 ЖНОМ 9 сынып оқушысы Бахытхан Сәулегүл, № 39 ЖОМ 8 сынып Хуснутдинова Руфия иеленді. ІІ орынды № 2 ЖОМ Акишпаева Аделия, № 24 ЖОМ Гущина Мария, № 25 ЖОМ Рамазанова Рауза, № 41 ЖОМ Махмудова Шахзода иеленді. ІІІ орынды № 5 ЖОМ Шукуралиева Неля, М. Әлімбаев ат. ЖОМ Кенхан Ақнұр, № 20 лицей мектебі Гайнуллова Арайлым, Б.Момышұлы ат. ЖОМ Мухтарова Нурия, № 40 ЖОМ Қабыкен Мөлдір иеленді.

Қалалық турдың жеңімпаздары 2022 жылы қаңтарда өтетін облыстық кезеңге қатысады.