Талантты және дарынды жас зерттеушілерді қолдау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету мақсатында 8-12 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Облыстық іріктеу турынан өтіп, облыстық конкурсқа Павлодар қаласының 32 жалпы білім беретін мектебінен қалалық кезеңнің 151 жеңімпаздары мен жүлдегерлер қатарынан 79 оқушы жіберілді.
Зерттеу жұмыстарын қорғау 9 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия, биология, экология, валеология және робототехника.
Байқау қорытындысы бойынша 51 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың авторлары жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды, олардың ішінде бірінші орынды - 3, екінші орынды - 14, үшінші орынды - 34.
I орын иегерлері Жетекші мектебінің 2 сынып оқушысы Сарымов Әділхан, № 24 ЖОМ 7 сынып оқушысы Сембаева Жансұлу және Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 4 сынып оқушыларының командалық жұмысы Совет Ерасыл, Оралбекова Айгерім иеленді.
II орын иегерлері № 5 (1), 14 (1), 16 (1), 17 (1), 21 (1), 24 (2), 25 (1), 29 (1), 35 (1), 39 (2), 43 (1), Қ. Бекхожин атындағы мектеп, III орынды № 2 (3), 7 (1), 14 (1), 17 (4) 19 (1), 21 (1), 25 (4), 26 (1), 28 (2), 29 (2), 30 (1), 34 (1), 35 (1), 36 (1), 37 (4), 41 (1), 43 (1), К. Мақпалеев атындағы мектеп (1), М. Әлімбаев (3) мектеп оқушылары иеленді
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталады. Байқау жеңімпаздары қорытынды республикалық кезеңіне қатысады.