Павлодар педагогикалық университетінің негізінде 2021 жылдың 11 қарашасында 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық туры өтті. Олимпиаданың мақсаты-дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, тіл білімі бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету.
Ағымдағы жылдың 27 қазанында олимпиаданың аудандық, мектеп туры өтті, оған Павлодар облысының 327 оқушысы қатысты. Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық, мектеп турының 81 оқушы – жүлдегерлері қатысты, оның ішінде: мамандандырылған мектептерден – 43, аудандардан – 26, қалалардан – 12 оқушы. Лингвистикалық ғылымдар мен филологияға бейім қалалық олимпиада жеңімпаздары Павлодардан № 14, 16, 17, 23, 34 ЖОМ 5 оқушысы қатысты.
Қатысушылар туыс тілдердің салыстырмалы граммматикасын білу бойынша тапсырмаларды орындады. Лигнвистика олимпиадасының ерекшелігі-логикалық ойлау қабілеті.
Олимпиада қорытындысы бойынша № 14 ЖОМ 10 сынып оқушысы Богомолова Дарья II дәрежелі дипломмен, № 16 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушысы Леликов Игорь және №17 ЖОМ 11 сынып оқушысы Плахотнюк Алиса ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды