Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылдың 16 қарашасында "Үлкен үзіліс - 2022" «Мектеп – біздің ортақ үйіміз!» сыныбының бейне презентациясының ІІ кезеңі өткізілді. Қаланың 30 мектебінен 5-9 сыныптың 672 оқушысы қатысты.
Байқаудың мақсаты ең ұйымшыл, шығармашылық және креативті сынып ұжымдарын анықтау. Жұмыстар негізгі өлшемдер бойынша бағаланды: презентация формасының өзіндік ерекшелігі . Презентацияларда сынып қызметі, оқушылардың өмірінен қызықты сәттер көрсетілді. Ең көп ұпай жинаған мектептер келесі турларға өтті: №1, 5, 7, 14, 17, 21, 23, 26, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 36, 37, 38, 43, М.Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Қ. Бекқожин атындағы, М. Әуезов атындағы КЖОМ, ЖЖОМ. Қазылар алқасының шешімі бойынша № 6, 9, 16, 18, 24 мектептер келесі кезеңге өтпейді.