Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ProEco» экологиялық жобалар байқауы
17-11-2021 09:40
«ProEco» экологиялық жобалар байқауы

 

         Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 15 қарашада "ProEco" экологиялық жобалар республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын түсіну, оқушылардың назарын экологиялық мәселелерге аудару. Байқауға жалпы білім беретін 25 мектептен 5-6 сынып және 7-8 сынып жас санаттары бойынша 62 оқушы қатысты.

         Байқауға қатысушылар "Туған өлкенің табиғаты", "Мені қоршаған әлем – жеке әлем", "Үздік экологиялық бастама", "Таза қала сізден басталады"бағыттары бойынша бейнероликтер көрсетті.

         Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 5-6 сыныптар мен 7-8 сыныптар арасында екі жас тобы және 4 бағыт – номинациясы  бойынша анықталды.

"Туған өлке табиғаты" номинациясы бойынша:

I орынды № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Сайбель Анастасия иеленді;

II орынды № 35 ЖОМ 5 сынып оқушысы Бейсенова Жанель иеленді;

III орынды №17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Семенов Александр иеленді;

"Айналамдағы әлем – ғажайып әлем" номинациясында:

I орынды № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Василиса Камша иеленді;

II орынды № 21 ЖОМ 6 сынып оқушылары Бекенова Аделия, Безаргалиева Дильназ, Қылышбай Аяжан иеленді.

"Үздік экологиялық бастама" номинациясы бойынша:

I орынды № 21 ЖОМ 6 сынып оқушылары Турсунова Дильнара, Бауыржанова Азиза, Шаймұрат Алдияр иеленді.

II орынды № 26 ЖОМ 5 сынып оқушылары Шевцова Айша, Садыков Тимур, Садкевич Александр иеленді.

III орынды № 43 ЖОМ 5 сынып оқушысы Хузин Матвей иеленді.

"Таза қала сізден басталады" номинациясы бойынша:

I орынды № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Елена Тихонова иеленді;

II орынды № 35 ЖОМ 5 сынып оқушысы Жәнібекұлы Бердібек иеленді;

III орынды КЖОМ 6 сынып оқушысы Сабыржан Бауыржан иеленді

7-8 сыныптар арасында:

"Туған өлке табиғаты" номинациясы бойынша:

I орынды № 34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Сулейменова Томирис иеленді;

II орынды М. Әлімбаев ат. ЖОМ 7 сынып оқушысы Алимов Руслан ;

III орын № 9 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Мордовец Данелия иеленді.

"Айналамдағы әлем – ғажайып әлем" номинациясында:

I орынды № 30 ЖОМ 8 сынып оқушысы Нұрдәулет Нұрдәулет иеленді;

II орынды № 21 ЖОМ 7 сынып оқушысы Муртазин Тимур иеленді;

III орынды М.Әлімбаев атындағы ЖОМ 7 сынып оқушылары Манарбек Анель және Аубакирова Аружан иеленді.

"Үздік экологиялық бастама" номинациясы бойынша:

I орынды № 21 ЖОМ 8 сынып оқушылары Дәурбекова Аминарусана және Мелега София иеленді;

II орынды № 41 ЖОМ 7 сынып оқушысы Данил  Биянова иеленді.

"Таза қала сізден басталады" номинациясы бойынша:

І орынды Қ. Бекхожин атындағы  ЖОМ 8 сынып оқушысы Құмаров Қадырәлі иеленді;

II орынды № 7 ЖОМ 8 сынып оқушысы Куламбаева Даяна иеленді;

III орынды № 36 ЖОМ 8 сынып оқушылары Доронгоф Валерия, Корлякова Виктория, Малькова Анастасия иеленді.

     Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарына ие болды.

      Үздік жұмыстар "ProEco" республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне жіберілді.