Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» 2021 жылғы 19 қарашада "Ядролық қарусыз әлем" атты суреттер мен эсселердің қалалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - балалардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру және балаларды ел тарихын зерттеуге тарту.
Байқауға қаланың 19 мектебінен 41 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесі үлгіде бөлінді: 1 орын – 1, 2 орын – 7, 3 орын – 8.
I дәрежелі дипломмен № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Әли Гүлназ марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Жасқайрат Камила, № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сайлаубай Бибінұр, № 40 ЖОМ оқушысы Хайдарова Дильяра, №14 ЖОМ 10 сынып оқушысы Шевченко Полина, Кенжекөл ЖОМ оқушысы Муратова Рахима, Сүлейменова Ұмай, № 20 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Алибекова Алина марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен № 9 ЖОГМ 8 сынып оқушылары Карпенко Ангелина, Бажаева Диана, Кенжекөл ЖОМ 9 сынып оқушылары Серікбай Мерей, Амангелді Ляйля, 10 сынып оқушылары № 14 ЖОМ Сотникова Валерия, № 20 мектеп-лицейі Абитова Камиля, № 27 ЖОМ оқушылары Бочков Дмитрий, Бердышева София.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.