Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы
22-11-2021 17:10
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы

2021 жылғы 26 қараша қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі алғаш рет өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім берудің беделін арттыру.

      Пандемияға байланысты Олимпиада келесі пәндер бойынша қашықтық форматта өтеді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқитын сыныптарда қазақ тілі, қазақ тілінде оқитын сыныптарда орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы.

         Олимпиада кезеңдері:

- мектеп кезеңі – 12 қараша; аудандық – 26 қараша; облыстық – 7 желтоқсан.

         Олимпиаданың қалалық кезеңіне қаланың 40 жалпы білім беретін мектептерінен 5-6 сыныптардың 464 оқушысы мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

        Қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша I орын алған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.