Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Парасатты ұрпақ-ұлт болашағы»
24-11-2021 11:10
  «Парасатты  ұрпақ-ұлт болашағы»

       Павлодар  қаласы   білім  беру  бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен "Парасатты ұрпақ-ұлт болашағы"эссе мен өлеңдер байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

    Мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық сауаттылықты арттыру, адамгершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным негіздерін қалыптастыру, оқушылардың азаматтық бастамаларын дамыту.

       Байқауға қаланың 22 жалпы білім беретін мектептерінен 6-11 сыныптардың 79 оқушысы қатысты.

      Байқау шарты бойынша оқушылар "Парасатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында эссе мен өлең түрінде өз жұмыстарын ұсынды.

      Эссе номинациясында :

       I орын алғандар: № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Төрегелді Ақниет, № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Әли Гүлназ, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Демидович Николай, № 16 мектеп - лицейінің 7 сынып оқушысы Ахметова Камилла.

       II орынды № 20 мектеп –лицейінің 11 сынып оқушысы Әбілмансурова Еркежан, № 1 ЖОМ 10 сынып оқушысы Билялова Айгерім, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушысы Искакова Венера, № 26 ЖОМ 8 сынып оқушысы Нұрмұхамет Ерхан иеленді.

        III орынды М. Әлімбаев атындағы 7 сынып оқушысы Сәрсенбай Жансая, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Қади Аружан, № 28 ЖОМ 9 сынып оқушысы Панкова Людмила, № 16 мектеп - лицейінің 8 сынып оқушысы Фомина Александра, № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Пашков Богдан иеленді.

      Өлеңдер номинациясында:

       I орынды № 1 ЖОМ 6 сынып оқушысы Оразбек  Расул, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушысы Искакова Венера, № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Павина Анна, № 20 мектеп - лицейінің 10 сынып оқушысы Борецкая Диана иеленді.

       II орынды Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Смаилова Дарина, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Ақажан Каусар, № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Горкунова Анастасия, № 15 ЖОМ 8 сынып оқушысы Аманжол Ади иеленді.

        ІІІ орынға № 1 ЖОМ 7 сынып оқушысы Майданов Руслан, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Мұхтарова Нурия № 15 ЖОМ 10 сынып оқушысы Угайнова Виктория, № 5 ЖОМ 8 сынып оқушысы Мажитова Аяжан, № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ахмеджанова Алина ие болды.

       Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны" орталығының дипломдарымен марапатталады. Үздік жұмыстар байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.