5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі дәстүрлі түрде 2021 жылдың 07 желтоқсанында Павлодар қаласының № 35 ЖОМ негізінде өткізілді. Олимпиада 8 пән бойынша өтті:математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі.
Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім беделін арттыру.
Облыстық іс – шараға Павлодар облысының 277 оқушысы-аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Павлодар қаласынан 14 мектептен 17 оқушы қатысты. Павлодар қаласының командасы 15 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде: І орын-4, ІІ орын - 2, ІІІ орын-9.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жеңімпаздар келесі орындарға ие болды:
I дәрежелі дипломдармен марапатталды: Имангулов Аргын, 6 сынып, № 9 ЖОГМ (ағылшын тілі); Галченко Илья, 5 сынып, № 36 ЖОМ (жаратылыстану); Хохлова Виктория, 5 сынып, № 36 ЖОМ (Қазақстан тарихы); Элимесұлы Жігер, 5 сынып, КЖОМ (Қазақ тілі мен әдебиеті).
II дәрежелі Дипломмен марапатталған оқушылар: № 25 ЖОМ (Қазақстан тарихы) және №34 ЖОМ (Қазақ тілі мен әдебиеті)
III дәрежелі Дипломмен марапатталған оқушылар: № 14 ЖОМ (ағылшын тілі), № 2 ЖОМ (жаратылыстану, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі), № 35 ЖОМ (қазақ тілі мен әдебиеті), № 43 ЖОМ және № 9 ЖОГМ (орыс тілінде оқытатын сыныптарда (қазақ тілі), № 17 ЖОМ (математика), № 11 ЖОМ (орыс тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі), № 17 ЖОМ (математика), № 11 ЖОМ (орыс тілі және әдебиет), № 37 ЖОМ (қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі).
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары қорытынды республикалық кезеңге қатысады.