Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алашорда және қазіргі заман: идеялар сабақтастығы " ІІІ қалалық турнирі
10-12-2021 17:08
Алашорда және қазіргі заман: идеялар сабақтастығы

          ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын  дамыту  орталығы  КЕАҚ ППУ "Ақиқат" интеллектуалды дебат клубымен  бірлесіп, сондай-ақ "Ақ жол" ҚДП облыстық филиалының қаржылық қолдауымен қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушылары үшін қалалық дебат турнирін ұйымдастырды. Турнирге "Жаңа  қөзқарас" қалалық   дебат мектебінің жетекші дебатерлерінен тұратын аралас командалар, сондай-ақ мектеп дебат клубтарының жетекшілері  қатысты.

        Жарысқа қаланың 12 мектебінен  ( №1, 2, 17,19, 20, 24, 25, 35, 37, 40, ЖЖОМ,  Бекхожин атындағы )  12 команда қатысты.     Турнир екі кезеңде өтті: іріктеу және қорытынды. Жас дебатерлердің өнерін КЕАҚ ППУ "Ақиқат" студенттік клубының жетекші дебатерлері бағалады.

      Турнир қорытындысы бойынша үздік дебатер – командалар анықталды.

       І дәрежелі дипломмен № 25 ЖОМ "Ой дария" командасы,ІІ дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ "Шабыт" командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ "Зияткер" командасы марапатталды. Құрмет грамотасымен № 37 ЖОМ "Тұмар" командасы марапатталды. Сондай-ақ, № 1 ЖОМ  оқушысы Алуа "Үздік спикер"номинациясына ие болды.

       Турнирдің құрметті қонағы "Ақ жол"  ҚДП қалалық мәслихат депутаты Ысқақ  Қайрат  Әлімқұлұлы болды. Турнирдің барлық қатысушылары "Павлодар дарыны"  БУҚБДДО  серитификаттарын алады. Топ жетекшілері алғыс хаттар алады.