Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Алашорда және қазіргі заман: идеялар сабақтастығы "ІІІ қалалық пікірсайыс
15-12-2021 16:32
Алашорда және қазіргі заман: идеялар сабақтастығы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ жанындағы "Veritas" дебат клубымен, сондай-ақ "Ақ жол" ҚДП облыстық филиалының қаржылық қолдауымен орыс тілінде оқытатын мектеп оқушылары үшін қалалық дебат турнирі ұйымдастырылды.

Турнирге "Жаңақөзқарас" қалалық дебат мектебінің жетекші дебатерлерінен тұратын аралас командалар, сондай-ақ мектеп дебат клубтарының жетекшілері  қатысты.

Жарысқа қаланың  (  № 6, 14, 16,17,18, 20, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 34, 36, 40, 43, Жетекші ) 19 мектебінен  20 команда қатысты. 

Турнир екі кезеңде өтті: іріктеу және қорытынды. Жас дебатерлердің өнерін КЕАҚ ППУ "Veritas"студенттік клубының жетекші дебатерлері бағалады.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 20 команданың ішінен тек 4 команда қорытынды кезеңіне өтті. Олар № 16, 20, 29, 34 мектептері. Дебат турнирі барысында оқушылар өздерінің шешендік шеберліктерін және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсете алды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік дебатер – командалар анықталды. І дәрежелі дипломмен № 16мектебінің   "Кристал"  командасы, ІІ дәрежелі дипломмен № 29   мектебінің «DreamTeam»командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 34     мектебінің "Атамекен"  командасы марапатталды. Құрмет грамотасымен  №20 лицей-мектебінің  "Сократ"командасы марапатталды. Сондай-ақ, № 29 мектептің оқушысы Прокопец Снежанна "Үздік спикер"номинациясына ие болды.

Турнирдің құрметті қонағы "Ақжол"ҚДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, турнир қатысушыларына - "Павлодар дарыны" БУҚБДДО  сертификаттары табыс етілді. Команда жетекшілері алғыс хаттар алды.