Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты өлеңдер жинағының тұсауы кесілді
15-12-2021 16:37
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты өлеңдер жинағының тұсауы кесілді

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 13желтоқсанда жылдық жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты өлеңдер жинағының тұсау кесер рәсімі қаланың № 1 мектепбінде өткізді.

Аталған іс-шарағаақын, «Найзатас» журналының Бас редакторы Асыл Әлімжанұлы Әбішев, білім беру бөлімі басшысынң орынбасары Қуаныш Төлегенұлы Қыдыралин қатысты.

«Найзатас» журналының Бас редакторы Асыл Әлімжанұлы мен Б.Момышұлы атындағы мектептің 4 сынып оқушысы Бақпай Дінмұхамбет өлеңдер жинағының тұсауын кесті. Дінмұхамед бірнеше рет қалалық және облыстық оқулардың жеңімпазы болып табылады.

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты өлеңдер жинағы болашақ жас ақындардың жүрек түкпірлеріндегі жарып шыққан жырлары жинақталып, шығарылды.

Ағымдағы жылдың  29 қарашасында «Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді» атты өз шығармасы өлеңдерінің қашықтық конкурсы өткізіліп, осы жинаққа өз өлеңдерін шығарған оқушылардың туындысы іріктелді. Конкурсқа қаланың 26 жалпы білім беретін мектептерінің 1-11 сыныптардан 184 оқушы қатысты.

Жас ақындарымызға болашақта Ұлы Абайдың өлеңдеріндей мағыналы жыр шумақтарын тудыра беріңіздер демекпіз!