Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
анонс 8 - 11 сынып оқушылары арасында "Ілияс Жансүгіров оқуларының" қалалық кезеңі туралы.
13-01-2022 11:05
анонс  8 - 11 сынып оқушылары арасында

          23 ақпан күні сағат 10.00 – де Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Ілияс Жансүгіров оқуларының" қалалық кезеңін өткізеді.

         Конкурстың мақсаты   -  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындылығын анықтау. 

      Байқауға 8 - 11 сынып оқушылары, мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады (квота - мектептен 3 адам).

Конкурс 3 номинация бойынша өтеді:

  1. «Ілияс – эпик ақын» тақырыбында ақын поэмаларын жатқа оқу;
  2. Талапкер Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерінің ішінен өзі таңдаған бір өлеңін және жалпы  жаттаған өлендерін, прозалық немесе драмалық шығармаларын (ұсынылған тізімінен қазылар алқасының сұрауымен) жатқа, мәнерлеп оқу және үзінді орындау;
  3. Талапкер өзі жазған өлеңдерді топтап, мәтіндерін алдын – ала қазылар алқасына жазбаша түрде тапсыруы керек (кітапшасын ұсынады). Қазылар алқасының талабы  бойынша өз шығармашылығымен таныстыру, жатқа, мәнерлеп оқу.

       Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны"бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының  дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың наурыз айындағы облыстық кезеңіне қатысады.

"Павлодар дарыны" БУҚБДДО КМҚК