Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы" жобасының қалалық байқауы
18-01-2022 15:21

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 17 қаңтарда "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы" жобасының қалалық  байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері: оқушыларды сыбайлас жемқорлық құбылысымен, оның мәнімен, себептері мен салдарымен таныстыру; сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндігін көрсету.

Жобаларды қорғау екі секция бойынша өтті: "Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын", "Ұлттың басты жауы – сыбайлас жемқорлық".

Байқауға  қаланың  № 16, 17, 18, 21, 25, 28, 31, 33, 34, 35, 37, Қ. Мақпалеев, Қ. Бекқожин, М. Әлімбаев атындағы мектептердің 5-9 сыныптарынан 27 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын - 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын-3.

І дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушылары  № 2 ЖОМ Бақтыкереев Елұстар және № 35 ЖОМ  Әбен Еділ марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломға Қ.Бекқожин атындағы мектептің 9 сынып оқушылары-Хасеин Нұрхан, № 16 ЛМ – Кремер Милана, № 17 ЖОМ – Кейлер Алена және № 34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Арманұлы Қасым ие болды.

ІІІ дәрежелі дипломмен Қ.Бекқожин атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Оразбаева Дильназ, № 31 ЖОМ 8 сынып оқушысы Канциндон Милена, № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Бекежан Әдия марапатталды.