Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
А.Байтұрсыновтың 150-жылдығына арналған «Қазақ халқының ұлы көсемі» бейнеролик байқауы
31-01-2022 16:23
А.Байтұрсыновтың 150-жылдығына арналған  «Қазақ халқының ұлы көсемі» бейнеролик байқауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің   "Павлодар дарыны"  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылдың 27 қаңтарында 5 – 10 сыныптар арасында А.Байтұрсыновтың 150-жылдығына арналған «Қазақ халқының ұлы көсемі» бейнеролик байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты жас ұрпақ арасында Ахмет Байтұрсыновтың бай мұрасын насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамдарын дамыту болып табылады.

      Байқауға 26 қала мектептерінің 5 – 10 сынып аралығынан 92 оқушы қатысты.

  Ережеге сәйкес қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтады: сұхбат берді, репортаж жасады, бейне клип құрастырды, А.Байтұрсыновтың шығармаларынан үзінділер оқыды.

      Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орын – 7, 2 орын – 12, 3 орын -19.

I орын ЖОМ №2 Тлеубердинова Аяулым, ЖОМ №17 Ақанов Мерлан, ЖОМ №19 Төлеуғазы Үміт, ЖОМ № 21 Капарова Адель, ЖОМ № 22 Хамитова Амина, ЖОМ № 28 Кульчицкая Зарема, ЖОМ № 33 Амангельдинова   Диляраиеленді. II орын - ЖОМ № 1, ЖОМ № 11, ЖОМ № 26 (2), ЖОМ № 29 (2), ЖОМ № 33 (2), ЖОМ № 39 (2), ЖОМ  № 41, КЖОМ;  III орын -  ЖОМ № 9, ЖОМ  №11 (2),  ЖОМ №12 (2), ЖОМ №16 (2), ЖОМ № 17,  ЖОМ № 18, ЖОМ  №19, МЛ № 20, ЖОМ № 21, ЖОМ № 23, ЖОМ № 27 (3), ЖОМ № 28, ЖОМ № 29, КЖОМ.

     Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен белгіленді.Байқаудың жеңімпаздары БУҚБДДО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.