Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақша үйренейік»
03-02-2022 14:56
«Қазақша үйренейік»

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту  орталығы" КМҚК қаланың № 5, 6, 11, 14, 29, 34, 43мектептің 8сынып оқушылары арасында Halyk radiosy ЖШС "Eртiс медиа"-мен  бірлескен «Қазақша үйренейік» байқауы туралы  хабарлайды.

Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілді дәріптеу, оқушылардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу , оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Байқау 2022 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында үш ай бойы өтеді. Эфирге шығу жиілігі: екі аптада 1 рет. Көрсетілген кезеңде барлығы 6 сабақ өтеді, оқушылар радионың тікелей эфирінде екі аптада бір рет бағдарламаға шығады (2 апта – оқушыларға үй жұмысын орындауға  уақыт бөлінеді).

Мектеп оқушылары екі апта бойы қазақ тілін  және қазақ тілінде тақпақ үйренеді,  екі аптадан кейін 7 оқушы радионың тікелей эфиріне қатысады, ал қалған тыңдаушылар (8-сынып) тікелей эфирде және WhatsApp Halyk radiosy-на жауаптарын жібереді.

Жеңімпаздарды тікелей эфирде және WhatsApp тобында қатысқан оқушылар арасынан анықтайды, барлық қатысушылар байқау қорытындысы бойынша  I, II, III дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 «Павлодар дарыны» БУҚБДДО КМҚК