Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жүргізушілер Мектебіне" қабылдау үшін іріктеу конкурсының қорытындысы
09-02-2022 15:57

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос  уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 8 ақпанда "Жүргізушілер"қалалық байқауының іріктеу турын ұйымдастырды.

Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сыныптарынан 53 оқушы қатысты.

Қатысушылар өздері туралы визитка дайындап, жүргізуші болуға деген ұмтылыстарын бейнеде көрсетті. Оқушылар мектепте, үйде, достар ортасында түрлі іс-шараларда жетекші рөлінде өз өнерлерін көрсетті.

 Жұмыстарды бағалау кезінде сөз сөйлеу мазмұнына, өз ойын эмоциялық және көркем жеткізе білуге, ым-ишара мен мимика көмегімен тыңдаушыларға өзін таныстыруына  көңіл бөлінді. Бейнероликтер шығармашылықпен дайындалған, мазмұны жағынан бай материалдар ұсынылды.

Конкурстың іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша № 6, 7 ЖОМ, Қ. Бекхожин атындағы, 14, 17, 19, Б. Момышұлы атындағы (2), 25 (2), 30, 35, 37 (2), 40, 41, Кенжекөл ЖОМ (2),№32 НЖМ 19 оқушысы "Жүргізушілер Мектебіне" қабылданды.