Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Үздік мақала"
16-02-2022 16:44

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 15 ақпанда "Үздік мақала" байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Мақсаты-жастарды шығармашылық қызметке тарту арқылы патриоттық тәрбиелеу. Талантты анықтау, оқушылардың, болашақ журналистердің шығармашылық әлеуетін дамыту.   

Байқауға қаланың 31 жалпы білім беретін мектептерінен 5-11 сыныптың  175 оқушысы қатысты.

Байқау шарты бойынша оқушылар "Рухани жаңғыру", "Менің мамандығым", "Ел экономикасы, мәдениеті, тарихы", "Аналитика, басқа да еркін тақырыптар"тақырыпта өз жұмыстарын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша 73 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

I орын алғандар: № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз,    № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ватулина Арина, № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сагатова Аяулым, № 27 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ефименко Варвара,  № 28 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кульчицкая Зарема, № 43 ЖОМ 6 сынып оқушысы Реснянский Елисей.

II орын алған  мектептер: № 2 (1), 11(1), 14 (1), 17 (2), 18 (1), 20 (1), 21 (1), 23 (1), 24 (1), 25 (2),33 (1), 38 (1), Қ.Бекхожина (1), М.Әлімбаева (1).

III орын алған мектептер: №1(1), 2 (5), 5 (2), 6 (1), 7(1), 9(4), 11(3), 14 (1), 17 (2), 18 (1), 19 (1), 20 (1), 21 (3), 24 (2), 25 (2), 26 (2), 27 (1), 28 (1), 29 (1), 32 (1), 33 (2), 36 (1), 37 (1), 38 (1), 43 (1), Қ. Бекхожина (4), Қ.Мақпалеева (1), М. Әлімбаева (2), М. Әуезов (1), КЖОМ (1).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.