Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Балалар – ел болашағы» облыстық пікірсайыс турнирі және «Жасөспірімдер финалы»
21-02-2022 17:50
«Балалар – ел болашағы» облыстық пікірсайыс турнирі және «Жасөспірімдер финалы»

М.Әлімбаев  атындағы жалпы орта білім беру мектеп базасында 2022 жылдың  19 ақпанында  қала  мектептерінің 9  - 11 сынып оқушылары арасында «Балалар – ел болашағы» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Осы турнир аясында 5 - 8 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер  финалы» ұйымдастырылды. Турнирдің ұйымдастырушысы «Ақ жол» Демократиялық партиясының қаржылық қолдауымен «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы.

Турнирге алғаш рет  командалардың рекордтық саны қатысты: мектептерден  28 команда (56 қатысушы): Павлодар қ. ХББ НЗМ АҚ," Жас дарын", Екібастұз қ." Қайнар " ББК және Павлодар қаласы мектептерінің командалары ( № 16, 17, 19, 20, 21, 26, 30, 35, 37, 39, 40, ЖЖОМ, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ).

"Жаңа көзқарас" пікірсайыс мектебінің жетекші дебатерлері төрешілер алқасына тартылды. Бұл № 2,19, 25, 35 мектеп оқушылары.

Турнир екі лигада өтті: жоғарғы лига  (9-11 сыныптар) және Жасөспірімдер лигасы (5-8 сыныптар).

Турнир қорытындысы бойынша Жасөспірімдер лигасында 4 команда жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Бас жүлдені Павлодар қаласының № 39 мектебінің "Smart" командасы иеленді,  І дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ "Алау" командасы, ІІ дәрежелі дипломмен № 17 ЖОМ "Алаш" командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 37 ЖОМ "Тұмар" командасы марапатталды. Павлодар қаласының М.Әлімбаев атындағы ЖОМ "5 А"., № 37 ЖОМ" Тарлан", № 40 ЖОМ" Толқын" командалары Құрмет грамотасымен марапатталды

Жоғары лигада орындар келесідей бөлінді:

І дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласының  № 25 КЖГ "Subeime" командасы, ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының "ХБН Назарбаев Зияткерлік мектебі" АҚ "Рух" командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласының № 11 ЖОМ "Сұңқар" командасы марапатталды. Құрмет грамотасымен Павлодар қаласының "Назарбаев Зияткерлік мектебі" АҚ "Айыптама" командасы марапатталды.

 Сондай-ақ, Екібастұз қаласының № 11 ЖОМ оқушысы Алпысбаева Дильда "Үздік спикер"номинациясына ие болды.

Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық "Ақ жол" демократиялық партиясы ұсынған естелік сыйлықтармен марапатталды.

Турнирдің барлық қатысушылары "Павлодар дарыны"БУҚБДДО серитификаттарын алады.