Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Пәндік олимпиадада қала мектептерінің 262 оқушысы жүлделі орындарға ие болды
24-02-2022 15:20
Пәндік олимпиадада қала мектептерінің 262 оқушысы жүлделі орындарға ие болды

2022 жылдың 14 ақпаны мен 22 ақпаны аралығында № 37 мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау, білімнің беделін арттыру.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 41 жалпы білім беретін мектептерінен 9-11 сыныптардың 671 оқушысы қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада 1 турда 2 бағыт бойынша өткізілді: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география); қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын, неміс, француз, өзін-өзі тану).

             Олимпиада Oqylyq.kzплатформасында олимпиада тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру, орындалған олимпиадалық жұмыстарды тексеру мен бағалауды ұйымдастыру, орындалған олимпиада жұмыстарын көрсету, апелляцияларды беру және қарау кезінде қашықтан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізілді. Қатысушылар app.oqylyq.kz тестілеу жүйесінде олимпиада тапсырмаларын орындады.

Олимпиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады. Ағымдағы жылдың наурыз айында өткен олимпиада жеңімпаздары облыстық олимпиадаға қатысады.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздардың толық тізімі біздің веб-сайтта 2021-2022 пәндік олимпиада бөлімінде берілген.