Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындылары
28-02-2022 09:08
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындылары

9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауына облыстық команда құрамында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 5 оқушы қатысты. Байқау 2022 жылдың 22-23 ақпанында өтті.

         Павлодарлық № 21, 29, 34,Кенжекөл ЖОМ, М.Әлімбаев атындағы мектеп  оқушыларыфизика, информатика, орыс әдебиеті бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 5 қатысушыдан 3 қатысушы жүлделі орындарға ие болды және 1 қатысушы "Дарын"ғылыми – практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

        Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида "Физика" секциясында күміс медаль, II дәрежелі диплом иегері атанды. Ол конкурсқа күн коллекторлары есебінен үйлерді жылытудың баламалы жүйесі туралы " Күн  коллекторы" жобасын ұсынды.

       "Информатика" секциясында № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Юревич Семен, "Әдебиет" секциясында № 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Яковец Анастасия қола медальдар және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

"Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығындағы балалық шақ тақырыбының адамгершілік аспектісі" ғылыми жобасы үшін Құрмет грамотасымен Павлодар қаласының  М.Әлімбаев атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Рубан Арина марапатталды.

- Информатика секциясына "Мектептің wed-порталында білім беру қызметтерін  автомотизациялау" тақырыбында жұмыс көрсеттім, - дейді  Семен.

- Менің жобам "Н. В.Гогольдің "Тарас Булба" әңгімесіндегі көркемдік тұжырымдама ретіндегі от" мектептегі әдебиет сабақтарында, көркем мәтінді зерттеу бойынша арнайы курстарда, кілт сөздердің мағынасын талдауда қолдануға болады", - дейді Анастасия.