Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Көктем менің қолымда" қалалық челлендж
04-03-2022 14:31
        Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 4 наурызда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем менің қолымда" қалалық челленджі  өткізілді.
      Челлендждің мақсаты: дарынды және талантты оқушыларды анықтау және қолдау. Қатысушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Анасына, әжесіне, қарындасына ризашылық пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
     Челленджге Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 2-4 сыныптарының 181 оқушысы қатысты. Челлендж қатысушыларына өздерінің сүйікті және қымбат адамдарын 8 наурыз көктемнің керемет, нәзік мерекесімен құттықтау ұсынылды. Челлендждің барлық қатысушылары адамзаттың әдемі жартысына жақсы және көктемгі көңіл-күй сыйлауға тырысты. Түрлі-түсті, жарқын жұмыстарда балалар өлеңдер, әндер мен сүйкімді күлкі арқылы шын жүректен өздерінің сүйіспеншілігі мен ризашылықтарын білдірді.
Өйткені, сүйікті гүлдеріңізді алып, жақындарыңыздың жылы лебіздерін естуден басқа жағымды ештеңе жоқ. Челленджге қаланың 17 мектебі қатысты, үздік жұмыстар әлеуметтік желілерге, "Павлодар дарыны" БУҚБДДО Instagram-ғақойылды.